Accessibility links

Қырғызстан шекара қызметі: Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай тұрақты


Қырғыз-тәжік шекарасындағы тұрғындар наразылығы. 14 наурыз 2019 жыл.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы тұрғындар наразылығы. 14 наурыз 2019 жыл.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қырғыз-тәжік шекарасында жағдай тұрақты.

16 наурыз таңертеңге дейін шекараға жақын елді мекендерде топтасып жүрген адамдар байқалмаған. Бірақ шекара қызметі ауданды күшейтілген режимде бақылап отыр.

Қырғызстан мен Тәжікстан делегациялары шекарадағы жағдайды реттеу мәселелері бойынша келіссөз процесін жалғастырып жатыр.

13 наурызда Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы маңында қырғыздар мен тәжіктер арасында болған қақтығыстан бірнеше адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған. Қақтығысқа Баткен ауданындағы Ақ-Сай - Тамдық бағыты бойынша жүрген жол жөндеу жұмыстары себеп болған.

Бұған дейін жағдайды екі ел президенттері талқылаған. Қазір оқиға орнында парламент депуттар тобы жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

СССР тарағаннан кейін Орталық Азия мемлекеттері арасындағы шекараның кейбір бөлігі дауға айналған. Әсіресе Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан шекаралары түйіскен Ферғана алқабындағы көптеген эксклавтар төңірегінде өте күрделі жағдай қалыптасқан.

Соңғы алты жылда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында оннан астам жанжал болған.

Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы ұзындығы - 971 шақырым. Оның 450 шақырымына әлі күнге дейін делимитация жұмыстары жүргізілмеген.

Фотогалерея: Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалдың хронологиясы (15 наурыз 2019 жыл).

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG