Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев басқаратын Социал-демократиялық партиясы оппозицияға өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы 18 наурызда партия өкілі Құндыз Жолдыбаева айтты.
Жолдыбаеваның сөзінше, партияның кезекті съезі 6 сәуірде өтеді.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Ақсы оқиғасының 17 жылдығына арналған еске алу шарасында қазіргі президент Сооронбай Жээнбековті елде "отбасылық-кландық билікті" қайта орнатты деп айыптаған.
Ол Жээнбековті билікке әкелгені үшін халықтан кешірім сұраған. Сол күні басқа шарада сөйлеген Жээнбеков биліктегі кландық басқаруға қарсы екенін мәлімдеген.
Социал-демократиялық партиясы 1993 жылы құрылған. Атамбаев - партия құрушыларының бірі. Бірақ Атамбаев пен Жээнбеков арасындағы саяси тартыстан кейін партия екіге бөлінген. Бір бөлігіне Атамбаев жетекшілік етеді. Екіншісін, парламенттегі фракциясын Жээнбеков басқарады.
ПІКІРЛЕР