Accessibility links

Полиция журналист Глушкованы қамаудан босатты


"Настоящее время" тілшісі Светлана Глушкова. Астана, 22 наурыз 2019 жыл.
"Настоящее время" тілшісі Светлана Глушкова. Астана, 22 наурыз 2019 жыл.

22 наурызда кешкісін полиция "Настоящее время" телеарнасының тілшісі Светлана Глушкованы босатты.

Полицияның сөзінше, Глушовканың үстінен бір жас қыз итеріп жіберді деп арыз жазған. Адвокат Төлеген Шаиковтың сөзінше, Глушкова полицияда бірнеше сағат отырған, арызданған адамды көрмеген.

"Полиция Глушкованы бөлімшеде бірнеше сағат ұстап, босатты. Полиция мақсатына жетті. Себебі олар Глушкова алаңға барып, түсірілім жұмыстарын жалғастырғанын қаламады" деді адвокат.

22 наурызда Астана мен Алматыда полиция ондаған адамды ұстады. Екі қаладағы оқиғаны түсіруге барған Азаттық және "Настоящее время" тілшілеріне сол маңда жүрген белгісіз адамдар кедергі келтірген.

Астанада "Настоящее время" телеарнасының тілшісі Светлана Глушкованы полиция ұстап алып кетті.

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін журналистердің жұмысына кедергі келтіруді тоқтатуға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG