Accessibility links

"Союз" кемесіндегі ойық себебін анықтау үшін тағы сынақ жүргізілуі мүмкін


Ресейлік ғарышкердің "Союз" кемесіндегі жырықтың пайда болу себебін анықтау үшін ашық ғарышқа шыққан сәті. 11 желтоқсан 2018 жыл.
Ресейлік ғарышкердің "Союз" кемесіндегі жырықтың пайда болу себебін анықтау үшін ашық ғарышқа шыққан сәті. 11 желтоқсан 2018 жыл.

"Союз МС-09" кемесіндегі ойықтың пайда болу себебін анықтау үшін ресейлік ғарышкерлердің ашық ғарышқа шығып, жинаған дәлелдері жеткіліксіз деді Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин. Ол орбитада тағы да қосымша сынақтар жүргізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Өткен жылы тамыз айында "Союз МС-09" кемесінің қаптамасынан диаметрі шамамен 1,5 миллиметр болатын ойық табылған. Экипаж мүшелері ойықты бірден герметикпен бітеп, оның пайда болу себебін іздей бастаған.

Ресейде ойықтың пайда болуына байланысты бірнеше болжам айтылды. Экипаж мүшелері оны бұрғылап тесуі мүмкін деген нұсқа да қаралды. Ал қазір ойық Жерде болған кезде пайда болған, оны герметикпен бітеген, ғарышқа шыққан кезде қайта тесілген деген болжам айтылады.

Өткен жылдың желтоқсан айында ресейлік ғарышкерлер Жерге "Союз" кемесіндегі жырықтың үлгісі бар контейнер жеткізген. Олар сонымен бірге ашық ғарышқа шыққан кезде қолданылған герметик үлгілерін де әкелген. Мамандар жырықтың кеме ішінен бұрғыланғанына көзі жеткен. Үлгілер әрі қарай зерттеу үшін тергеушілер мен ФСБ зертханасына жіберілген. Ресейлік ақпарат құралдары зерттеу нәтижесінің көпке жарияланбауы мүмкін екенін жазады.

Роскосмос басшысы бұған қоса корпорацияның кемедегі жырыққа байланысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш түсірмегенін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG