Accessibility links

Астана әкімдігін сотқа берген заңгер арызы бойынша шешімді қалалық сот өзгеріссіз қалдырды


Заңгер Антон Фабрый. Астана, 19 желтоқсан 2018 жыл.
Заңгер Антон Фабрый. Астана, 19 желтоқсан 2018 жыл.

Заңгер Антон Фабрыйдың "Конституцияның мемлекет пен қоғамдағы рөлі" жайлы былтыр 30 тамызда өткізбек болған митингіге рұқсат бермеген әкімдік шешімі заңсыз деп түсірген арызын қанағаттандырмаған төменгі инстанция шешімін Астана соты өзгеріссіз қалдырды. Апелляция бойынша шешімді сейсенбі күні, 26 наурызда, Астана қалалық азаматтық істер сотының судьясы Айтқалиева төрағалық еткен сот алқасы қабылдаған. Бұл туралы Азаттыққа Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Аудандық сот шешімі күшіне енген деп саналады. Апелляциялық инстанция қаулысының үстінен мәтіні жарияланған күннен бастап бір ай ішінде шағым түсіруге болады.

Заңгердің өзінен комментарий алудың сәті түспеді. Бірақ бұған дейін, 19 желтоқсанда, заңгер Антон Фабрый әкімдіктің "Конституцияның мемлекет пен қоғамдағы рөлі" тақырыбында митинг өткізуге рұқсат бермеуін азаматтардың құқығын бұзу деп санайтынын айтқан. Заңгер "әкімдік митинг өткізуге рұқсат берілмеуінің себебін заңмен емес, мәслихат енгізген ережелермен негіздеген" дейді. Фабрыйдың сөзінше, бұл – азаматтардың конститутциялық құқығын бұзу.

Антон Фабрый былтыр 16 желтоқсанда Конституцияның мәні туралы тағы да митинг өткізуге арыз берген. Ал Астана қаласы әкімдігі Фабрый сұраған Кенесары көшесінде Астана концерт залының алдындағы алаңда "жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүріп, мұз қалашықтарының салынып жатқанын" хабарлаған. Антон Фабрый дәл осындай жауапты тамыз айында да алғанын, онда "бұл алаңда жөндеу жұмыстары жүретіні жазылған еді" дейді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жиын өткізетін орынға рұқсат алу қиын

Бұған дейін Қазақстанның түрлі қалаларында бірнеше азамат митинг өткізуге рұқсат бермегені үшін жергілікті әкімдіктерді сотқа берген. Қыркүйек айында дәл осындай себеппен Алматы әкімдігін сотқа берген алматылық Әлнұр Ильяшевтің шағымын сот қанағаттандырмай тастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG