Accessibility links

Өтуі мүмкін митинг туралы жазған астаналық белсенді жеті күнге қамалды


Астана сотының ғимараты. Көрнекі сурет.
Астана сотының ғимараты. Көрнекі сурет.

Сейсенбі күні, 26 наурызда, астана соты қала атауын "Нұр-Сұлтан" деп өзгертуге "қарсылық білдіріп, митингіге шығуға шақырды" деген айыппен азаматтық белсенді Раушан Қалмомынұлын бейбіт жиын ұйымдастыру мен өткізу ережесін бұзды деп танып, жеті күнге қамады.

Қалмомынұлы өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Әкімшілік сот қаулысына сәйкес, белсенді өтуі ықтимал митингінің уақыты мен орнын әлеуметтік желіде өзіне келген хабарламадан көрген, өзі әлдекімді оған қатысуға шақырмаған.

Жарияланған сот қаулысында 29 наурызда "заңсыз митинг" өтуі ықтимал деп көрсетілген орын астана әкімдігінің мекенжайына сай келеді.

Қамауға алу мерзімі 26 наурыздан бастап есептеледі. Сот қаулысына 10 күн ішінде шағым түсіруге болады.

Қазақстан заңнамаларына сәйкес, жиын, митинг не шеру өткізер алдында азаматтар жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Көбіне әкімдіктер түрлі себеппен белсенділердің митинг өткізуіне рұқсат бермей жатады. Кейбір азаматтар жергілікті атқарушы органдар шешімін сотқа береді, олар көбіне жеңіледі.

Былтыр қыркүйек айында дәл осындай себеппен Алматы әкімдігін сотқа берген алматылық Әлнұр Ильяшевтің шағымын сот қанағаттандырмай тастаған.

"Нұрсұлтан" атауына қарсы тұрғынды полиция ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:41 0:00

Қазақстан президенті қызметіне 20 наурызда кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынған. Бірнеше күннен соң, 23 наурызда, жарлыққа қол қойды. Ұсынысқа қазақстандықтар әртүрлі реакция танытты: жергілікті билік Қазақстан қалаларында астана атауының өзгеруін қолдаған концерттер өткізді, ал әлеуметтік желіде түрлі белсенділер бұған қарсылық білдірген. Полиция 22 наурызда "Нұр-Сұлтан" атауына қарсы бірнеше тұрғынды ұстаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG