Accessibility links

Энергетика министрлігі: "Қаламқас" кенішіндегі өрт сөндірілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бірнеше күн бұрын Маңғыстау облысындағы "Қаламқас" кенішінен шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.

"28 наурызда 01:05-те "Қаламқас" кен орнында №8237 ұңғыма жанындағы грифоннан шыққан өрт сөндірілді" деді ол наурыздың 28-і күні. Қазір газ-су қоспасының атқылауы тоқтаған, грифон жабылған.

Министрлік дерегінше, от грифон (газдың аяқ астынан шығуы) маңында тұтанған. Министрлік дерегінше, "Қаламқас" кенішінде мұндай 13 грифон болған.

Жергілікті басылымдар Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Төкеновке сілтеме жасап, "мұнайдың сыртқа шықпағанын" жазған.

Билік өкілдерінің айтуынша, "Қаламқас" кенішінен өрт 25 наурызда таңғы алты шамасында шыққан.

"Қаламқас" кенішін барлаумен - "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы, бұрғылаумен "Si Bu" инженерлік бұрғылау компаниясы айналысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG