Accessibility links

Қазақ-қырғыз шекарасында 160 шақты жүк көлігі жиналып қалған


Кеден бекеті. Көрнекі сурет.
Кеден бекеті. Көрнекі сурет.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы “Ақ-тілек автожол” өткізу пунктінде 160 шақты жүк көлігі жиналып қалған. Қырғызстанның шекара қызметіне сілтеме жасаған Қырғызстанның ақпарат құралдары осылай деп хабарлайды.

Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, мұндай жағдай Қазақстан жағына өтейін деп тұрған көліктердің мұқият тексерілуіне байланысты туындап отыр. Мұнда Қазақстан жағына қарай сағатына шамамен 4-5 көлік өтіп жатыр. Ал өзге пунктерде мұндай кептеліс байқалмаған.

Қырғызстанның шекара қызметінің хабарлауынша, қырғыз тарабына қарай өтіп жатқан көліктерге мұндай шектеу қойылмаған, олар еркін өтіп жатыр.

Қазақстанның ресми орындары оқиғаға байланысты түсініктеме берген жоқ.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада халықаралық - 4, екітарап арасында ғана жұмыс істейтін - 4 өткізу бекеті бар. Күн сайын шекарадан шамамен 30 мың адам өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG