Accessibility links

Трамп Мюллердің зерттеуін "төңкеріс жасауға ұмтылыс" деп атады


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың президент сайлауына Ресейдің ықтимал араласуы жайлы зерттеуді "өзін биліктен кетіріп, мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылыс" деп атады. Бұл туралы Трамп Техасқа барған сапары кезінде айтты.

Президенттің сөзінше, ол осы істі тергеп жатқан арнаулы прокурор Роберт Мюллердің есебін оқымаған. "Мюллердің есебі маған қызық емес. Толық ақталып шыққанмын" деді Трамп.

Роберт Мюллер екі жылға созылған тергеуі кезінде Ресейдің АҚШ сайлауына хакерлік шабуылдар мен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату арқылы араласқанын анықтаған. Бірақ Мюллер Трамп пен ресейлік команданың сөз байланысқанына дәлел таба алмады.

Дегенмен арнаулы прокурор "әділ соттың өтеуіне кедергі жасады" деп Трампқа таққан айыбынан бас тартпай, бұған қатысты соңғы шешімді бас прокурорға қалдырған. Уильям Барр Трампты жауап тартудың қажеті жоқ деп шешкен.

Барр арнаулы прокурордың есебін конгреске осы аптада жіберуді уәде еткен. Ол "демократтар есепті көпке жария етіп шығаруды талап етті" деген ақпаратты жоққа шығарды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG