Қырғызстанның Шу облысында 12 сәуірде мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпек болған үш Қазақстан азаматы ұсталған. Бұл туралы Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап, Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады.
Комитет дерегінше, үш азамат тексеру-өткізу пунктінен тыс аумақтан кіріп кетпек болған. Олар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін қауіпсіздік комитетінің органдарына берілген.
ПІКІРЛЕР