Accessibility links

Ақбердиева Маңғыстау облыстық сотына сенімсіздік білдірді


Айгүл Ақбердиева сотта соңғы сөзін айтып жатқан сәт. Ақтау қаласы, 4 ақпан 2019 жыл.
Айгүл Ақбердиева сотта соңғы сөзін айтып жатқан сәт. Ақтау қаласы, 4 ақпан 2019 жыл.

15 сәуірде Ақтауда сот Маңғыстау облысы прокуратурасының жергілікті тұрғын Айгүл Ақбердиеваны ақтау туралы сот шешіміне түсірген апелляциялық шағымын қарады.

Судья прокурордың істі қайта қарау туралы өтінішіне келісіп, соттың 22 сәуірде жалғасатынын хабарлады.

Ақбердиева істі қараған Маңғыстау облыстық сотының құрамына сенімсіздік білдірді. Ол Қазақстан жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановтың атына жазылған арызының көшірмесін Facebook желісіндегі парақшасына жариялады. Ақбердиева істі басқа аймақтың облыстық соты қарағанын қалайды. Адвокат Жанат Сүндетқалиева да судьяға сенімсіздік білдірді. Бірақ сот екі арызды да қанағаттандырмады.

6 ақпанда Ақтау қалалық сотының судьясы Гүлнәр Байтұрова Қазақстан билігі тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының Telegram чатындағы жазбалары үшін "билікті құлатпақ болды" деп айыпталған Айгүл Ақбердиеваның іс-әрекетінде "қылмыстық құрам жоқ" деп тауып, оны ақтау туралы үкім шығарған.

Кейін Маңғыстау облыстық прокуратурасы Айгүл Ақбердиеваны ақтау туралы сот үкіміне қарсылық білдірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG