Accessibility links

Тоқаев: Полиция реформасының мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау


Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарының кеңейтілген отырысында. Нұр-Сұлтан, 17 сәуір 2019 жыл.
Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарының кеңейтілген отырысында. Нұр-Сұлтан, 17 сәуір 2019 жыл.

Қазақстанда жасалып жатқан полиция реформасының негізгі мақсаты - азаматтардың құқығын қорғау. Бұл туралы 17 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда ішкі істер органдарының жұмысын талқылаған жиында мәлімдеді.

Тоқаев ішкі істер органдарына халықпен ашық жұмыс істеуді тапсырды. Ол халық 102 нөмеріне хабарласса, полиция оқиға орнына уақытында бармайтынын сынады.

"Call-center жұмысында олқылық бар. Кейде 102 нөмеріне хабарласу мүмкін емес" деді Қазақстан басшысы.

Тоқаев 102 нөмерінің жұмысын реттеуді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа тапсырды.

Қазақстан президенті "әкімдіктер де халықтың шағымына уақтылы жауап бермейді" деп сынады.

Тоқаев Қазақстанда жол апаты азаймай тұрғанын айта келе "бұл мәселесін парламентте, үкіметте талқылады. Бірақ көлік апаты азаймай тұр. Жыл сайын елде 10 мыңнан астам адам жол апатынан қаза табады. Бұл қарулы қақтығыстардағы, соғыстардағы адам шығынымен тең" деді.

Қазақстан президенті ішкі істер министрлігіне, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және жергілікті әкімдіктерге жол апаты мәселесін шешуді тапсырды.

Тоқаев елде көлік айнасын, ұялы телефон және мал ұрлау көбейіп бара жатқанын жеткізді. Ол ішкі істер министрлігі ұрлықтың көбею себебін анықтап, жүйелі күресу керектігін айтты.

Оқи отырыңыз: "Банда" видеосынан кейін реформа талабы қайта күшейді

Былтыр қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Алматының орталығында пышақтап кеткен соң халық полицияның әрекетін жаппай сынаған. Осыдан кейін Қазақстан билігі елдегі полиция жұмысына реформа жасауға көшкен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG