Accessibility links

Тоқаев Қордайдағы жол апатында қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 сәуір Қордайда болған ірі жол апатына байланысты қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

"Қордай трассасында ірі апат болды, 11 азамат қаза тапты, арасында Өзбекстан азаматтары да бар. Олардың туыстарына көңіл айтамын. Өзбекстан президентіне телеграмма жолдадым. Біздегі жол жағдайы алаңдатарлық, оны ІІМ отырысында айтқанмын. Үкіметке қажетті шаралар қолдануды тапсырдым" деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында 20 сәуір түстен кейін.

20 сәуір таңғы сағат бес шамасында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Алматы - Ташкент бағытындағы трассаның 181-шақырымында Toyota көлігі жол жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Көлік артында келе жатқан автобус аударылған. Көлік апатынан 11 адам қаза тапқан, 29 адам зардап шеккен.

Оқиғаға байланысты "жол ережесін бұзу", "көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері мен облыстық полиция департаменті өкілдерінен құралған шұғыл-тергеу тобы құрылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG