Accessibility links

Алматыда полиция "сайлауға байланысты акция өткізген" белсенділерді ұстады


Полиция қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Полиция қызметкерлері. Көрнекі сурет.

Сәуірдің 21-і күні ​таңертең Қазақстан жастары ақпараттық қызметінің бас директоры Ирина Медникова Almaty Urban Air жобасының авторы, белсенді Әсия Төлесованы полиция ұстап, Бостандық аудандық полиция басқармасына әкеткенін хабарлады.

"Asya Tulesova-ны достарымен бірге марафонда ұстап, Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына апара жатыр. Заңгер керек. Журналистер де қажет" деп жазды Медникова Facebook-тағы парақшасында.

Әлеуметтік желіде Төлесоваға ұқсас адамның "От правды не убежишь" (Шындықтан қаша алмайсың) деген жазуы бар плакат ұстап тұрғаны туралы сурет тарады. Ирина Медникованың айтуынша, оны осы акция үшін ұстаған болуы мүмкін.

Белсенді Әлия Төлесоваға ұқсас адам "От правды не убежишь" деген жазуы бар плакат ұстап тұр. Сурет Facebook-тан алынған.
Белсенді Әлия Төлесоваға ұқсас адам "От правды не убежишь" деген жазуы бар плакат ұстап тұр. Сурет Facebook-тан алынған.

Facebook-та тараған тағы бір видеодан Әсия Төлесова мен Сүйінбике Сүлейменованың полиция көлігінде отырғаны, полиция қызметкерлерінің олардан аты-жөндерін сұрап жатқаны көрінеді.

Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімінде отырған қызметкер Азаттық тілшісіне Әсия Төлесованың ұсталғанын растады.

"Иә, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір олармен "беседа" өткізіп жатыр" деді аты-жөнін айтпаған қызметкер. "Оларды не үшін ұстады?" деген сұраққа жауап бермеген қызметкер кейінірек ақпарат таратылатынын жеткізді.

Оқиға орнында жүрген Vlast.kz сайты тілшісінің хабарлауынша, полиция Төлешовамен бірге белсенді Бейбарыс Толымбеков және кинооператор Айгүл Нұрболатованы да ұстаған. Әсия Төлесованың телефоны жауап бермей тұр.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымға белгіленген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG