Accessibility links

Назарбаев президенттіктен кетуге "үш жыл дайындалғанын" айтты


Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" съезінде. Нұр-Сұлтан, 23 сәуір 2019 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" съезінде. Нұр-Сұлтан, 23 сәуір 2019 жыл.

23 сәуірде Нұр-Сұлтанда өткен "Нұр Отан" партиясының съезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев "өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға үш жыл дайындалғанын" айтты.

- Саналы шешім қабылдадым. Мұндай шешімдер бір күнде қабылданбайды. Бір ай да аз. Құпиясын ашсам, үш жылдан астам уақыт дайындалдым. Бәрін жан-жақты зерделедім. Болашақты бағамдап, өткенді сараладым. Кадрларға зер салдым. Осы уақытқа дейін бәрін тәрбиелеп, әрбіріне сенім арттым. Сөйтіп, осындай шешімге келдім, - деді ол.

Назарбаев "Осы уақытқа дейін халықтың сенімін ақтасам, мен - бақытты адаммын, бақытты саясаткермін" деді. Cъезд соңында Назарбаев көзіне жас алды.

Назарбаевтың көз жасы
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00

23 сәуірде өткен съезд кезінде Назарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 9 маусымда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынып, артынша "Нұр Отан" оның кандидатурасын бекітті.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.​

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG