Accessibility links

Жолды өз бетінше жөндеген ресейлік зейнеткер жауапқа тартылды


Ресей жолдарының бірінен көрнекі сурет.
Ресей жолдарының бірінен көрнекі сурет.

Ресейдегі Пермь өңірінің тұрғынына нөсерден соң лай басқан жолға тақтай төсеп, өз бетінше жөндемек болғаны үшін 5 мың рубль (77 доллар) айыппұл салынды.

Жергілікті полиция толтырған хаттамада Пруддор ауылы тұрғыны зейнеткер Василий Ярковтың "жолды ластап, қауіпсіздікке қатер төндіргені" айтылған.

Бұл айыппен келіспейтін Ярков шешімге қарсы сотқа шағым түсірмек.

Жергілікті билік зейнеткер тақтай төсеген жолды "тегістеп, шетіне арық қазатынын" хабарлады. Шенеуніктердің сөзінше, биылға бөлінген қаржының бәрі басқа салаларға жұмсалып қойғандықтан жолды толық жөндеуге мүмкіндік жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG