Accessibility links

Қырғызстанда уран өндіруге наразылар Бішкекте митингіге шықты


Уран өндіруге наразылар митингі. Бішкек, 26 сәуір 2019 жыл.
Уран өндіруге наразылар митингі. Бішкек, 26 сәуір 2019 жыл.

Бішкекте 26 сәуірде Қырғызстанда уран өндіруге қарсылық білдіріп акцияға шыққанда биліктен "ЮрАзия" компаниясына Ыстықкөл облысында уран өндіруге берілген лицензияны қайтарып алуды және елде уран өндіруге мораторий жариялауды талап етті.

Бұған қоса наразылар Кызыл-Омпол кен орнында уран өндіруге рұқсат берген азаматтарды жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Қырғызстан үкіметі Ыстықкөл іргесінде уран өндіру мәселесі жайлы әлі толымды ақпарат берген жоқ. Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Кубатбек Боронов геологиялық барлау мен өндіруге берілген рұқсат қайтарып алынғанын айтқан. Бірақ үкіметтің баспасөз қызметі ведомствоаралық комиссия экологиялық, техникалық сараптамаларды ескеріп, бұл мәселені әлі талқылап жатқанын хабарлады.

"Юр-Азия" компаниясының басшысы Светлана Менг бұл мәселеге байланысты Азаттықтың сұрағына "қазір қандай да бір комментарий айтуға мүмкіндік бермейтін жағдай болып тұр" деп жауап берді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG