Accessibility links

Әміржан Қосанов ОСК-ға құжаттарын тапсырды


Саясаткер Әміржан Қосанов. Алматы, 26 сәуір 2019 жыл.
Саясаткер Әміржан Қосанов. Алматы, 26 сәуір 2019 жыл.

"Ұлт тағдыры" қозғалысы кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған саясаткер Әміржан Қосанов сәуірдің 27-сі күні таңертең орталық сайлау комиссиясына (ОСК) барып, құжаттарын тапсырды.

"Орталық сайлау комиссиясы құжаттарымды қабылдады. Ешқандай ескерту айтқан жоқ. Құжаттарды тексеріп, екі күннің ішінде жауабын беретінін айтты. Сосын дүйсенбі сағат 11:00-ге мемлекеттік тіл сынағына шақырды" деді Әміржан Қосанов Азаттық тілшісіне.

Орталық сайлау комиссиясы да Қосановтың құжаттарын өткізгенін хабарлады.

Бүгін, 27 сәуірде Қазақстан коммунистік халық партиясы ұсынған үміткер Жамбыл Ахметбековтің мемлекеттік тіл сынағын тапсыратыны хабарланған.

Оқи отырыңыз: "Ұлт тағдыры" Қосановты сайлауға кандидат ретінде ұсынды

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Президент сайлауына кандидат ұсыну 28 сәуір кешке дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Қазірге дейін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттардың тізімі:

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG