Accessibility links

Азаттық хабарынан соң сақ қорымы қоқыстан тазартылды


Сақ қорғанының тазартылғаннан кейінгі көрінісі. Алматы, 27 сәуір 2019 жыл.
Сақ қорғанының тазартылғаннан кейінгі көрінісі. Алматы, 27 сәуір 2019 жыл.

Алматының солтүстік-батысындағы қараусыз қалған сақ қорымы Азаттық сынынан кейіні тазартылды. Бұл туралы осы аумаққа жауапты Алатау ауданы әкімдігі хабарлаған.

18 сәуірде Азаттық "Қоқыс орнына айналған сақ қорғандары" деген атпен видео жариялаған. Хабарда Алматының тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне алынған обалы қорымға қоқыс төккендер жайлы айтылған. Сонда жүрген жұмысшылар Азаттыққа "түнде әлдекімдердің қоқыс төгіп кететінін, сол маңайды ешкім бақыламайтынын" жеткізген.

Кейіннен осы қоқыстың жиналғанын қаладағы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Берік Әшірбеков растады.

- [Азаттық сюжеті шыққан] екі-үш күннен соң қорымы тазартылды. Енді көлік кіре алмайтындай етіп жауып тастамақпыз, - деді ол.​

Сақ қорғанының тазартылғаннан кейінгі көрінісі. Алматы, 27 сәуір 2019 жыл.
Сақ қорғанының тазартылғаннан кейінгі көрінісі. Алматы, 27 сәуір 2019 жыл.

18 сәуірде қоқыс толы обалы қорым туралы видео түсіріп жүрген Азаттық сұрақтарына Әшірбеков жауап беруден бас тартып, археологиялық ескерткіштің жағдайына мәдениет бөлімі жауап беретінін айтқан.

Бұл қорғандар Алматының тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне кіретіні қалалық мәслихаттың 2014 жылы қыркүйекте шыққан шешімінде көрсетілген. Бірақ жол шетінде ешқандай белгі орнатылмаған.

Алматы қаласының аумағында мемлекет қорғауындағы 150-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіш бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG