Accessibility links

ОСК Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеді


"Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов президенттікке кандидат куәлігін көрсетіп тұр. Нұр-Сұлтан, 6 мамыр 2019 жыл.
"Ұлт тағдыры" қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов президенттікке кандидат куәлігін көрсетіп тұр. Нұр-Сұлтан, 6 мамыр 2019 жыл.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы 6 мамырда "Ұлт тағдыры" қозғалысының үміткері Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеді.

Қосанов міндетті 118 140 қолдан асырып, 131 189 қол жинаған. Комиссия оның 129 582-сін есепке алған.

Қосанов қол жинау кезінде "түрлі арандатулар мен қасақана ақпараттық шабуылдар болғанын" айтты.

- Сайлау комиссиясы мені кандидат ретінде тіркейді дегенге үміттен гөрі күдік басым болды. Бірақ бұл күнді [Қазақстан президенті Қасым-Жомарт] Тоқаевтың "сайлау әділ өтеді" деген сөзінің нышаны санаймын. Мені кандидат ретінде тіркеуді өзіме берілген аванс деп білемін, - деді Қосанов.

Қосанов - Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркелген ең соңғы үміткер.

Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады. Қазірге дейін ОСК саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеді. Олар:

Ал бұған дейін Қазақстан құрылысшылары одағы кезектен тыс президент сайлаына үміткер ретінде ұсынған Талғат Ерғалиев кейін құжаттарын қайтарып алды. "Халық демографиясы" ұйымының үміткері Жұматай Әлиев тіл сынағынан өте алмады.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялап, сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, президент қызметіне кіріскен.​ 9 сәуірде Тоқаев Қазақстанда биыл маусымның 9-ы күні кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.​

Қазақстандық кей оппозициялық ұйымдар кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG