Түркияның жоғарғы сайлау комиссиясы Стамбул қаласы әкімін сайлау нәтижесін жарамсыз деп тауып, қайта дауыс беру өткізу туралы шешім шығарды. Сайлау 23 маусымға белгіленді. Бұл туралы Anadolu ақпарат агенттігі хабарлады.
Сәуірдің ортасында сайлау комиссиясы Стамбул әкімін сайлауда оппозициялық халықтық-республикалық партиясының кандидаты "Экрем Имамоглу жеңіске жетті" деп хабарлаған. Биліктегі Режеп Тайып Ердоғанның әділдік және даму партиясы 1994 жылдан бері алғаш рет Стамбулдағы биліктен айырылған. Кейін Ердоғанның жақтастары сайлауда заң бұзылды деп, дауыс беру нәтижесін жарамсыз деп тануды талап еткен.
Түркияда 31 наурызда муниципалдық сайлау өткен. Барлығы 57 млн адам дауыс берген. Стамбул әкімін сайлауда Экрем Имамоглу билік партиясының кандидаты Бинали Йылдырымнан басым түскені хабарланған.
ПІКІРЛЕР