Accessibility links

Помпео Иракқа барған сапарында Иран қатері туралы талқылады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео (сол жақтан екінші) Бағдад әуежайында. 7 мамыр 2019 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео (сол жақтан екінші) Бағдад әуежайында. 7 мамыр 2019 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иракқа барып, елдің премьер-министрі Адил Абдул-Махдимен және бірнеше шенеунікпен Ираннан туған қатер туралы талқылады.

Ирак астанасына бағыт алған ұшақ бортында Помпео журналистерге "Ирак шенеуніктерімен кездесіп, елдің Иран ықпалынан азат, тәуелсіз мемлекет екеніне көз жеткізуге бара жатқанын" айтқан.

Помпеоның сөзінше, хатшы Бағдадтың Тегеранға тәуелдігін азайту үшін энергетика саласындағы іскерлік келіссөз жүргізбек.

AFP агенттігінің хабарлауынша, Ирак президеті Бахрам Салех пен премьер-министр Адил Абдул-Махдимен кездесуден соң Помпео журналистерге "Ирак билігіне елдеріндегі америкалықтарды мықтап қорғаудың маңызы туралы айттық" деді. "Олар Америка азаматтарын қорғау өздерінің жауапкершілігі екенін білетінін айтты", - деді Помпео.

7 мамыр күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Финляндиядағы Арктика кеңесінің саммитінде қатысып жүрген. Сол күні Помпеоның Берлинге жоспарланған сапары кейінге қалдырылып, "шұғыл мәселе бойынша" Иракқа кеткені хабарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG