Accessibility links

"Мәңгілік полк" үйлестірушісі: Шеру кезінде заң бұзушылар болса, полицияға шағымданамыз


Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс күні ұйымдастырылған "Мәңгі өлмес полк" шеруіне қатысушылар. Алматы, 9 мамыр 2017 жыл.
Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс күні ұйымдастырылған "Мәңгі өлмес полк" шеруіне қатысушылар. Алматы, 9 мамыр 2017 жыл.

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Мәңгілік полк - Бессмертный полк" шеруін ұйымдастыру кеңесінің басшысы Аида Баймакова тұрғындардан шараны саяси мақсаттарға пайдаланбауды сұрады. Баймакованың үндеуі 8 мамырда Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Баймакованың сөзінше, "Жаужүрек полк - Бессмертный полк" шеруінің ұйымдастырушылары шара кезінде құқық бұзушылықтарды байқайтын болса, полицияға шағымданады.

Ұйымдастырушылар "Мәңгілік полк" шеруінде жарнама плакаттарын және корпоративтік символдарды пайдалануды қорлау деп санайды.

Қазақстан бас прокуратурасы азаматтарды 9 мамырда заңсыз митингіге шықпауға шақырып, қатысқандардың "қатаң жауапқа тартылатынын" ескертті. Прокуратура үндеуінде "Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ертең, 9 мамырда заңсыз митингіге қатысуға үгіттеу жүріп жатқанын" айтады. Бірақ ведомство наразылық білдіруге нақты кімнің шақырып жатқанын көрсетпеген.

6 мамырда Қазақстан ішкі істер министрлігі 6-12 мамырда ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшетінін хабарлаған. Министрлік қоғамдық тәртіпті бұзу, шаралардың өтуіне кедергі келтіру фактілері болса, полиция заңға сай жедел әрекет ететінін ескерткен.

Нұр-Сұлтанда "Мәңгілік полк" шарасы 2015 жылдан бері ұйымдастырылады. Шеруде Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарының ұрпақтары жақындарын еске алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG