Accessibility links

Тоқаев: Халықтың қаржысын жымқырғандар қатаң жазаланады


Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев

13 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оралға сапары кезінде "халықтың қаржысын жымқырғандар мен ысырап еткендер қатаң жазаланатынын" айтты.

Тоқаев бюджет қаржысын "халықтың ақшасы" деп атады. Оның сөзінше, "халықтың қаржысын ысырап етуге ешкімнің құқығы жоқ".

Қазақстан президенті тендер саласындағы жемқорлық өршіп тұрғанын мойындады. Тоқаевтың айтуынша, тендер саласындағы парақорлық ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді.

"Мемлекеттік сатып алу саласындағы коррупциямен де күресеміз" деді ол.

Тоқаев әкімдерге халықтың шағымы мен өтінішіне дереу құлақ асуды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қай салада жемқорлық белең алған?

Transparency International (TI) халықаралық ұйымының 2018 жылға арналған Жемқорлық индексінде Қазақстан "жемқорлық жайлаған елдердің қатарында қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG