Accessibility links

Абаев: Ақпарат министрлігінің 9 мамырдағы бұғаттауға қатысы жоқ


Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. Нұр-Сұлтан, 25 қыркүйек 2018 жыл.
Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. Нұр-Сұлтан, 25 қыркүйек 2018 жыл.

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 9 мамырдағы интернеттің бұғатталуына қатысты пікір білдірді.

- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байланысқа жауап бермейді. Бұл - біздің міндетіміз емес. Сондықтан бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Бірақ, провайдерлердің хабарлауынша, техникалық ақаулар болғаны рас. Сондықтан сұрақты соларға қойған жөн, - деді министр.

Абаев "Алдағы президент сайлауы кезінде мұндай қайталануы мүмкін бе?" деген журналистер сұрағына "Қайталанбайды деп ойлаймын. Провайдерлер бүкіл техникалық мәселесін жөндеп алар" деп жауап берді.

9 мамыр күні Қазақстанда бірқатар вебсайт мен әлеуметтік желі бұғатталып, белсенділерді полиция ұстаған. Әлемдегі интернет еркіндігін бақылайтын халықаралық NetBlocks тобының атқарушы директоры Альп Токер "бұл жолғы бұғаттау жоғары деңгейде ұйымдастырылған" деп санайды.

Қазақстандық қолданушылар екі жылдай уақыттан бері Facebook, Youtube, Telegram сияқты әлеуметтік желілерге кіру қиындағанын айтып, шағымданып келеді. Абаев Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі кезінде де өз ведомствосының бұған "қатысы жоғын" бірнеше рет айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG