Accessibility links

БҰҰ сарапшысы Қазақстандағы интернет бұғатталғанына алаңдайды


Фионнуала Ни Аолэйн
Фионнуала Ни Аолэйн

БҰҰ-ның терроризммен күрес кезінде адамдардың құқығын қорғау ісі бойынша арнайы сарапшысы Фионнуала Ни Аолэйн Қазақстанда интернеттің бұғатталғанына алаңдаушылық білдірді. БҰҰ өкілі командасымен бірге Қазақстандағы интернет бұғатталғанына куә болғанын айтты. Бұл туралы ол 17 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

— Сайттар мен стрим-сервистер бұғатталды. Бұл қадамдарды қауіпсіздік шарасы деп ақтап шығуы мүмкін. Бейбіт жиын өткізу, ойын ашық айту халықаралық құқықтармен қорғалады. "Бұл қауіпсіздік шарасы" деп адамдардың бейбіт жиналуына, ойын ашық айтуға шектеу қойғаны бізді алаңдатады, - дейді Фионнула Ни Аолэйн.

9 мамырда Қазақстанда бірнеше сайт, әлеуметтік желілер ашылмай қалды. Қазақстандық қолданушылар екі жылдай уақыттан бері Facebook, Youtube, Telegram сияқты әлеуметтік желілерге кіру қиындағанын айтып, шағымданып келеді. Дәурен Абаев Қазақстан ақпарат және қоғаммен байланыс министрі "бұғаттауға қатысы жоғын" айтты.

Ал Қазақстан мәжілісінің отырысынан соң цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев журналистерге интернеттің сапасына қатысты әлі сұрақ түспегенін, тексеретінін айтқан.

Әлемдегі интернет еркіндігін бақылайтын халықаралық NetBlocks тобының атқарушы директоры Альп Токер "9 мамырдағы бұғаттау жоғары деңгейде ұйымдастырылған" деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG