Accessibility links

Тәжікстанда заңсыз салынған кесенелер мен мазарларды бұзады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тәжікстан билігі ел аумағында рұқсатсыз салынған ірі мазарлар мен кесенелерді бұзуды тапсырды. Бұл ақпаратты Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады.

Ақпарат бойынша, жоғары прокуратураның арнайы басқарма өкілдері жерге орналастыру комитетінің мамандарымен біріге отырып, елдегі мазарлардың заңға сәйкес салынғанын-салынбағанын тексереді.

Хатлон облысы бойынша тексеру тобына кірген мамандардың бірі Азаттыққа облыста заңсыз орналасқан зираттар көп екенін, көп қалалар мен аудандарда тұрғындардың егістік жерлерді зиратқа айналдырып жіберген айтқан.

"Тексеру барысында Хатлондағы бірде-бір кесененің ресми құжаты жоқ екені анықталды. "Бейіттерді ұстау және пайдалану тәртібі туралы" үкімет қаулысына сәйкес, тарихи құндылығы бар кесенелерге күзет қойылған. Ал көп аумақты алып жатқан тарихи маңызы дәлелденбеген заңсыз тұрғызылған қалған кесенелер заңға сәйкес бұзылады. Кішігірім аумақты алып жатқан кейбір мазарлар сақталып қалуы мүмкін" деді маман.

2017 жылы Тәжікстан үкіметі қабылдаған "Бейіттерді ұстау және пайдалану тәртібі туралы" қаулыда бейіттерді ұстау мен жерлеу тәртібі бекітілген. Оған сәйкес, әрбір қабірдің ұзындығы - екі метрден, ені - бір жарым метр, құлпытас биіктігі бір жарым метрден аспауы тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG