30 мамыр кешкісін Тараз қаласында көпқабатты үйдің төбесі өртеніп, 171 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдай комитеті хабарлады.
Эвакуацияланғандардың 45-і бала, өрттен 20 адам құтқарылған. Комитеттің мәлімдеуінше, өрт кешкі 19.38-де басталған. Өрт сөндірушілер жалынды 22.10-да өшірді. Өрт 1200 шаршы метр аумақты шарпыған. Ешкім зардап шекпеген.
Өртті Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің 17 техникасы мен 62 өрт сөндірушісі өшірген.
ПІКІРЛЕР