Accessibility links

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры қамалды


Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Аида Салянова.
Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Аида Салянова.

Қырғызстанда 3 маусымда елдің бұрынғы бас прокуроры Аида Салянова қамауға алынды. Парламент депутаты Алмамбет Шыкмаматовтың сөзінше, дүйсенбі күні Аида Салянова қылмыс әлемінің атышулы өкілі Азиз Батукаевты түрмеден заңсыз босату туралы тергеуге кіргеннен кейін қайта шықпаған.

Соның алдында тергеушілер Аида Салянованы бұрынғы әскери прокурор Майрамбек Акматалиев пен бас прокурордың орынбасары Людмила Усмановамен беттестірген.

Бұған дейін Азиз Батукаевтың түрмеден заңсыз босап шығуын зерттеген уақытша депутаттық комиссия осы іске қатысы бар деген күдікке іліккен 28 шенеуніктің тізімін жариялаған. Тізімде бұрынғы әскери прокурор Майрамбек Акматалиев та бар.

"Қару-жарақ пен есірткі сақтады", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыптармен 16 жылға сотталған Батукаевты 2013 жылы Нарын қалалық соты мерзімінен бұрын қамаудан босатқан. Сот Батукаевтың жазылмас дертке (лейкоз) шалдыққаны айтылған медициналық анықтама негізінде шешім шығарған еді.

Бұл іс бойынша тергеу кезінде 2019 жылы Қырғызстанда бірқатар жоғары лауазымды шенеунік, соның ішінде премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Шәміл Атаханов қамауға алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG