"Қоғамдық пікір" институты мен "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының 10 маусым түнгі 00:01-де экзит-полл нәтижесін жариялады. "Қоғамдық пікірінің" дерегінше, Тоқаев - 70,13 пайыз, Қосанов 15,39 пайыз алған.
"Қоғамдық пікір" экзит-полл нәтижесі:
- Жамбыл Ахметбеков - 3,86%
- Дания Еспаева - 5,32%
- Амиржан Косанов - 15,39%
- Төлеутай Рахымбеков - 3,03%
- Амангелді Таспихов - 1,41%
- Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,13%
- Сәді-Бек Түгел - 0,86%
Ал "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының экзит-полл нәтижесі бойынша, Тоқаев - 69,94 пайыз, Қосанов 14,96 пайыз дауыс алған.
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының экзит-полл нәтижесі:
- Жамбыл Ахметбеков - 3,06%
- Дания Еспаева - 4,78%
- Әміржан Қосанов - 14,96%
- Төлеутай Рахымбеков - 2,71%
- Амангелді Таспихов - 2,63%
- Қасым-Жомарт Тоқаев - 69,94%
- Сәдібек Түгел - 1,92%
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Талғат Қалиевтің атуынща, экзит-полл 9 маусым таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жүргізіліп, онда сайлау учаскесінен шыққан әрбір бесінші сайлаушы сұралған.
Маусымның 9-ы күні Нұр-Сұлтандағы наразылық кезінде үш полиция қызметкері зардап шеккен. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг кезінде ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев хабарлады. Қожаев наразыларды "полицияға тас, қолына түскен заттарды лақтырды. Көз ашытатын баллон қолданды" деп айыптады.
Кезектен тыс президент сайлауы күні әлеуметтік желілерде кей сайлау учаскелерінде болған заңбұзушылықтар жайлы видеолар тарады.
Азаттықтың Ақтөбедегі тілшісі Жаңагүл Жүрсіннің хабарлауынша, қаладағы №532 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғаннан кейін бақылаушылар өздеріне белгіленген орын тым алыс болғандықтан бюллетень санау процесін көре алмайтындарын айтып наразылық білдірген. Мұндай шағым айтқан бақылаушы Еркебұлан Қаниевті "жұмысқа кедергі келтірдіңіз" деп сөккен сайлау комиссиясының мүшелері полиция шақыртып, оны сайлау учаскесінен шығарып жіберген.
Сол тәрізді №62 сайлау учаскесінде сайлау барысын бақылаған Берік Бейісов комиссия дауыс санап жатқан бөлмеден өзін шығарып жібергенін айтқан.
ПІКІРЛЕР