Accessibility links

Көшербаев Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі болды


Маңғыстау облысы әкімі қызметін атқарып жүргенде наразы мұнайшылармен кездесуге келген Қырымбек Көшербаев. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.
Маңғыстау облысы әкімі қызметін атқарып жүргенде наразы мұнайшылармен кездесуге келген Қырымбек Көшербаев. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.

Соңғы алты жылдан астам уақыт Қызылорда облысының әкімі болған Қырымбек Көшербаев Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалды.

Көшербаевтың жаңа қызметке тағайындалғаны туралы қаулы Қазақстан президенті әкімшілігінің сайтында жарияланды. Экс-әкімнен бұрын бұл қызметті атқарған Бақытжан Сағынтаев "басқа қызметке ауысуына байланысты" босаған.

64 жастағы Көшербаев 2006 жылдың қаңтарынан 2012 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі болған. Ол 2011 жылдың желтоқсанында Маңғыстау мұнайшыларының наразылығы күшпен басылған соң қызметінен кетті. Полиция Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы мен Шетпе стансасындағы наразыларға оқ атқан. Ресми дерек бойынша, кем дегенде 17 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды.

2012 жылы қыркүйекте Көшербаев екі ай Қазақстан президентінің кеңесшісі болып қызмет еткен соң вице-премьерлікке тағайындалған. 2013 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының әкімі болып, биыл маусымда оның қызметтік мерзімі ұзартылған.

2000 жылдың соңынан бастап екі жыл Көшербаев Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды. 2003-2006 жылдары Қазақстанның Ресейдегі, Финляндия мен Армениядағы елшісі болды.

1990 жылдардың соңында Көшербаев білім министрі, мәдениет пен денсаулық сақтау, білім және ғылым министрі қызметтерін атқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG