Accessibility links

Роухани: Иран өзіне қажет мөлшерде уран байыта береді


Иран президенті Хасан Роухани. 3 шілде 2019 жыл.
Иран президенті Хасан Роухани. 3 шілде 2019 жыл.

Иран президенті Хасан Роухани халықаралық шектеуге қарамастан өзіне қажет мөлшерде уран байыта беретінін мәлімдеді. Иран жетекшісі бұған қоса ядролық жобаларының бір бөлігін тоқтату жайлы АҚШ-пен жасаған келісімді Вашингтон мойындауы тиіс деді.

Егер бұл жөнінде Тегеран Вашингтонмен келісімге келе алса, "қалаған мөлшерде уран байыту" ойынан қайтатынын, сондықтан халықаралық қауымдастық бұған алаңдамауы қажет деді.

Роухани сонымен бірге егер АҚШ Тегеранға қысым жасауын тоқтатпаса, Арак қаласындағы реакторды қайта іске қосатынын айтып, қоқан-лоқы жасады. 2015 жылы жасалған халықаралық келісімнен кейін бұл реактордың жұмысы тоқтап, цементпен құйылған еді. Сол кезде Тегеран уран байыту бойынша 3,6 проценттік лимитті сақтауға келіскен. Бұл қор ядролық қару емес, электр энергеиясын өндіруге жұмсалатыны хабарланған.

Осы апта басында атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) сарапшылары Иранның 2015 жылдан бері алғаш рет белгіленген межеден артық уран байыта бастағанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG