Accessibility links

Уәкіл: 2018 жылы Ресейде азаптауға шағынған азаматтар саны екі есе өсті


Ресей адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова.
Ресей адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова.

"Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері күш қолданды және аямады" деп шағымданған ресейліктер саны 2018 жылы екі есе өскен. Бұл туралы бүгін, 10 шілдеде Ресей адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова хабарлады.

Сондай-ақ омбудсмен Еуропа адам құқықтары жөніндегі сотының шешімі бойынша азаматтарға 770 миллион рубль (12,17 млн доллар) төленгенін айтты. "Интерфакс" агенттігінің жазуынша, айыппұл қылмыстық іс қозғаудан бас тарту, тергеуді созып жіберу, тергеу жүріп жатқандай етіп көрсету және тым ұзақ мерзімге қамау сияқты шағымдарға байланысты төленген.

Москалькованың айтуынша, уәкіл "ортақ мәмілеге келу үшін жыныстық азшылық өкілдерінің лидерлерімен келіссөз жүргізіп жатыр". "Нақты не жағдай болғанын білмей жатып, жұмысқа аларда не оқуға түсерде ЛГБТ өкілдерінің құқығын бұзуға болмайды" деді уәкіл.

Биыл маусым айының соңында Еуропа адам құқықтары жөніндегі соты Мәскеуді құқық қорғау органдарының ұрып-соққаны мен азаптағанына шағымданған жеті ресейлікке 135 мың еуро өтемақы төлеуге міндеттеген.

Бір ай бұрын, маусымда "Левада-центр" зерттеу орталығы азаптауға қатысты сауалнама қорытындысын жариялаған. Зерттеу қорытындысына қарағанда, әрбір оныншы ресейлікті құқық қорғау органы қызметкерлері азаптаған. Сауалнамаға қатысқандардың 75 пайызы зорлық "қорлау мен үркіту үшін көрсетілгенін" айтады.

Полицейлер азаматтарды көбіне мойындап куәлік беру үшін не ұсталғандардан қандай да бір ақпарат алу үшін қинаған. Азаптауды басынан өткерген әрбір төртінші ресейлік туыстарының да қысымға ұшырағанын айтқан.

Қарай отырыңыз: "Түрмедегі азаптау Ресейдегі жүйенің бөлігіне айналған"

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG