Accessibility links

Алматыда көпір құрылысшылары жалақысын даулады


Көпір құрылысының айлық ала алмай жүрген жұмысшылары. Алматы. 16 шілде. 2019 жыл.
Көпір құрылысының айлық ала алмай жүрген жұмысшылары. Алматы. 16 шілде. 2019 жыл.

Бүгін, 16 шілдеде Алматыда көпір құрылысында жұмыс істеп жүрген жиырмаға жуық жұмысшы наразылық білдірді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Қазақстандық "МО-25 Мостоотряд" компаниясының Алматыдағы жұмысшылары жеті-сегіз айдан бері айлық алмаған. Компания кеңсесіне жиналғандардың ішінде прораб, слесарь, жүргізуші мен асфальт төсеушілер бар.

Компанияда слесарь болып жұмыс істейтін Бекболат Биделов соңғы рет былтыр қараша айында айлық алғанын айтты. "Содан бері ақша жоқ. Менің бес балам бар. Отбасымды туған-туыстан қарыз алып бағып отырмын" дейді ол. Наразы жұмысшалыр өздерінің орташа жалақысы 85 мың теңге екенін айтты.

Жұмысшылар кеше, 15 шілдеде басшылықпен жолыққан. Басшылақ айлықтарын "бүгін береміз" деп уәде еткен. Алайда бүгін айлық болмаған соң бас кеңсенің алдында наразылық білдіріп, жиналған. Азаттық тілшісі бас кеңсенің ғимаратына кіргенімен ондағы хатшы "басшылықтың орнында жоғын" айтқан.

Кейін Азаттық сауалына телефон арқылы жауап берген компания директоры Тимур Накусов жұмысшылардың наразылығы орынсыз дейді.

"Бізде 7-8 ай айлық алмау деген мүлдем жоқ. Себебі бізде жұмыскерлер бір ай істеп, бір ай демалатын - вахталық әдіспен жұмыс істейді. Ол бір айдан кейін келуі мүмкін я екі айдан кейін келуі мүмкін. Айлығын келген кезде алады. Арасында кешіктіріп берген кезіміз болғаны рас. Бірақ ол жұмысшылар айтып отырған 7-8 ай емес, бір ай, ары кетсе екі айға кешіктірдік" деді Азаттыққа телефон арқылы түсініктеме берген компания директоры Тимур Накусов.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG