Accessibility links

Қырғызстанда жарты жыл ішінде 118 қыз алып қашу фактісі тіркелген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2019 жылдың алғашқы алты айында Қырғызстанда 118 қыз алып қашу фактісі тіркелген. Бұл ақпаратты ішкі істер министрлігінің өкілі Улан Рысбеков Бішкекте 2 тамызда өткен жиында айтты.

"2019 жылдың соңғы алты айында қыз алып қашу фактілері бойынша 118 қылмыстық іс қозғалды, 94 жағдайда қызды некеге тұру мақсатында алып қашқан, 12 жағдайда қызды некеге тұруға мәжбүрлеген. Істердің басым бөлігі сотқа жіберілді" деді Рысбеков.

ІІМ дерегінше, қыз алып қашу қаладан гөрі ауылдарда жиі кездеседі. БҰҰ-ның гендерлік мәселелер бойынша есебіне сәйкес, Қырғызстандағы отбасылардың 20 пайызы алып қашу нәтижесінде құрылған.

Елдің жаңа қылмыстық кодексінде қалыңдықты алып қашу қылмысы үшін жаза қатаңдатылған - айыпталушылар бес пен 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұған қоса, кәмелетке толмағандарды некеге тұруға мәжбүрлеген адамдарға 200 мың сом (шамамен 2800 доллар) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Қарай отырыңыз: Қыз алып қашу: қылмыс па әлде дәстүр ме? (Шілде айы, 2018 жыл).

Қыз алып қашу: қылмыс әлде дәстүр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG