Accessibility links

АҚШ "дипломат деректерін" жариялаған Қытайды "бандиттік режим" деп айыптады


АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Морган Ортагус.
АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Морган Ортагус.

АҚШ Гонконгтағы демократиялық қозғалыс жетекшілерімен кездескен америкалық дипломаттың суреттері мен жеке деректерін жариялағаны үшін Қытайды "бандиттік режим" деп айыптады.

Ал Пекин 8 тамызда Вашингтоннан Гонконг ісіне "араласуды тоқтатуды", "Қытайға қарсы бүлікшілермен" байланысын үзуін талап етті.

Сауда соғысына байланысты Вашингтон мен Пекин арасындағы қарым-қатынас ушыққан шақта екі тарап бір-бірін қатаң сынап отыр.

Бұған дейін Гонконгта таралатын Ta Kung Pao басылымы қонақ үйлердің бірінде студенттер шеруінің жетекшісімен сөйлесіп отырған АҚШ елшілігінің өкілі ретінде көрсетілген Джули Иденің суретін жариялаған. Суретке "Сыртқы күштердің араласуы" деген сипаттама жазылған. Осыдан соң АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдеме жасады.

Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Морган Ортагус 8 тамызда өткен брифингте "Америкалық дипломат туралы ақпаратты: жеке деректері, суреті, балаларының аты-жөндерін жариялау ресми наразылық деп ойламаймын; мұндайды бандиттік режимнен күтуге болатын еді" деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Халық "күдіктілерді Қытайға беру" заңына қарсы шықты

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG