18 тамызда таңертең Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 245-250 шақырым қашықта екі рет жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
Астана уақыты бойынша сағат 5:07 кезінде тіркелген 5,4 магнитудалы сілкініс эпицентрі жердің 5 километр терең қабатында болған. Оның энергетикалық класы - 12.8.
Жерасты дүмпуі Жаркентте (МSК-64 шкаласымен 4-5 балл), Талдықорғанда (2-3 балл) және Саты ауылында (2-3 балл) сезілген.
Астана уақытымен таңертеңгі сағат 6:38 кезінде жер сілкінісі тағы қайталанған. 4,6 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы жердің 10 километр терең қабатында болған. Энергетикалық класы – 10.6.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
ПІКІРЛЕР