Accessibility links

Тәжікстан шекарадағы жанжалда үш сарбазы оққа ұшқанын растады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

16 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған атыс салдарынан үш тәжік шекарашысы қаза тапқан. Бұл туралы бүгін, 17 қыркүйекте Тәжікстанның Соғды облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Музаффар Юнусов Азаттықтың Тәжік қызметіне (Озоди радиосы) хабарлады.

Баспасөз хатшысының айтуынша, дүйсенбідегі атыста Тәжікстанның шекаралық бекетінің бастығы мен екі қатардағы шекарашы мерт болған. Озоди радиосы тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Юнусов аймақ басшысымен бірге Қырғызстанмен шекара жүргенін айтып, ондағы "жағдай бақылауда" деп мәлімдеді.

16 қыркүйекте кешке Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болған. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі мен денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қырғыз жағынан 14 адам жараланған, олардың бірі – әскери қызметкер қаза тапқан.

Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы ұзындығы 976 шақырым. Қазірге дейін 504 километріне байланысты делимитация және демаркация жұмыстары жүргізілген. Ал шекараның келісілмеген тұстары сондағы елдімекендердегі су, жер және әлі анықталмаған шекараны кесіп өту мәселелері дауға жиі себеп болады. Даудың соңы жанжалға ұласып, тараптар бір-біріне тас атады, кейде қарудан оқ атады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG