Ресей ғылым академиясы (РҒА) комиссиясы осы академияның академигі және корреспондент мүшесі боғысы келетін 56 зерттеушінің ғылыми жұмысынан жалған ғылыми тұжырым мен плагиат белгілерін анықтаған. Бұл ақпаратты «Диссернет» қоғамдастығының негізін салушылардың бірі Андрей Заякин РҒА комиссиясының баяндамасына сүйеніп жариялаған.
Баяндамашылар зерттеу авторларына аргументтерін көпшілік алдындағы ғылыми пікірталас барысында қорғап шығуды ұсынған. Егер ғылыми еңбектерде плагиат пен жалған ғылыми тұжырым бар екені дәлелденсе, мұндай кандидаттарды биыл қараша айында өтетін Ресей ғылым академиясының академик және корреспондент-мүшелігіне сайлауына қатыстырмауға шақырған.
«Диссернет» қоғамдастығы бұрын Ресей жоғары оқу орындары ректорларының ғылыми жұмыстарындағы плагиатты саралай келе, ректорлардың антирейтингін жасаған еді. Бұл рейтингке қарағанда, Ресейдегі әрбір бесінші ректордың ғылыми жұмысынан плагиат белгілері байқалған.
ПІКІРЛЕР