Accessibility links

ІІМ Тазабектің "полицейлерге уағыз жүргізу" фактісін тексеріп жатыр


"Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков. 2009 жыл.
"Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков. 2009 жыл.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди министрлік "Асыл арна" телеарнасының директоры, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің "полицейлерге уағыз жүргізу" фактісін тексеріп жатыр деп хабарлады.

Бұған дейін интернетте Тазабектің полицейлерге үлкен залда лекция оқып жатқаны туралы видео тарап, қоғамда қызу талқыланған. Видеода Тазабек "қоғам тыныштығы" жайлы сөз қозғап, полицейлердің заң бұзғандарды қатаң жазалауы сияқты шетел тәжірибесінен мысал да келтіреді.

"Әрбір мемлекеттік органның ақпараттық жұмыс жүргізу жоспары болады. Олар сұхбат өткізуге лайықты деп тапқан қоғам қайраткерлерлерін шақырады. Ал нақты жағдайда қазір біз бұл кездесудің маңыздылығын, мазмұнын, форматын тексеріп жатырмыз. Баға бергеннен кейін шешім қабылдаймыз. Тексеру аяқталмайынша, түсініктеме бермеймін" деді Калайчиди бейсенбі күні сенат отырысынан кейін журналистерге.

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған видеодан кейін кейбір сарапшылар “дін саясатқа араласып отыр” деген қауіп айтқан. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары Тазабек "ел тыныштығын ойлап отыр" деп қолдаса, кейбірі "дінді саясат пен жағымпаздыққа араластыруға болмайды" деп айыптаған.

Тазабековтің "уағызынан" шыққан шу
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:09 0:00

Ал Мұхамеджан Тазабектің өзі Facebook-тағы парақшасында "лекция мазмұны бұрмаланғанын" айтып, мұны "кезекті жала" деп атады. Бұл даудан кейін де Қазақстанның кейбір мектептерінде "Тазабек лекциялары" өтетіні туралы хабарламалар тарады.

Оқи отырыңыз: "Тазабектің сөздері - полиция мен әскерді халыққа қарсы айдап салу"

Қазақстанда митингілер кезінде полицейлердің дөрекілік танытып, наразыларды күштеп әкету оқиғалары жиі кездеседі. Бұған дейін полиция наразылық кезінде кәмелетке толмаған балаларды да ұстаған. Бұл оқиғалар әлеуметтік желіде өткір сынға ұшыраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG