Accessibility links

Еуропа одағы Брекзит уақытын тағы да шегерді


Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск
Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск

Еуропа одағы (ЕО) Брекзит уақытын, яғни Ұлыбританияның одақтан шығуын үш айға, 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін шегерді.

Бұл туралы Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск өзінің туиттеріне жазды.

Donald Tusk✔@eucopresident

The EU27 has agreed that it will accept the UK's request for a flextension until 31 January 2020. The decision is expected to be formalised through a written procedure.

Бірақ Ұлыбритания парламенті елдің ЕО құрамынан шығу келісімін 31 қаңтарға дейін ратификациялап үлгерсе, Брекзит ертерек болып кетуі мүмкін.

Брекзит уақытының кейінге ысырылғаны жөніндегі шешімді формальді түрде ЕО елдері Брюсселде қабылдауы тиіс. Бірақ Reuters агентігі шешім сейсенбі немесе сәрсенбі күні шығуы мүмкін екенін хабарлады.

Бұған дейін Брюссель Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын мақұлдағаны жөнінде ақпарат тараған еді.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Брекзит уақытының шегерілуіне қарсы болған және елді ЕО құрамынан келісімсіз-ақ 31 қазанға дейін шығарып алмаққа әрекеттенген.

Енді Брекзит тағдыры британия парламентінің қолында. Парламент қазір Джонсонның мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсынысын талқылап жатыр. Ұсыныс қабылдануы үшін оппозициялық лейбористердің қолдауы қажет. Бірақ олар премьер-министрге Ұлыбританияны ЕО құрамынан келісімсіз шығарып әкету идеясынан бас тартса ғана қолдау білдіретіндерін айтқан.

Брекзит әуелде биыл 29 наурызға белгіленген. Содан бері уақыты үш рет кейін шегерілді.

Ұлыбритания парламенті елдің ЕО құрамынан келісімсіз шығып кетуіне үнемі қарсылық білдіреді және келісімді де бекітпей келеді.

Ал Брекзитке қарсы тарап ЕО құрамынан шығу жоспарын тоқтату үшін қайта референдум өткізуді ұсынып жүр. Бірақ олардың ұсынысы парламентте қолдаушылар аз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG