Accessibility links

Ресейде шенеуніктің өліміне байланысты үш адамға іздеу жарияланды


Эльжаркиевке шабуыл жасалған жер. Мәскеу, 2 қараша 2019 жыл.
Эльжаркиевке шабуыл жасалған жер. Мәскеу, 2 қараша 2019 жыл.

Ингушетияның ішкі істер министрлігінің экстремизммен күрес жөніндегі бас басқармасының жетекшісі Ибрагим Эльжаркиевтің өліміне байланысты полиция үш адамды іздеп жатыр. Құқық қорғау органдары тоғыз адамның іске қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдарындағы құпия дереккөзге сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады.

36 жастағы майор Ибрагим Эльжаркиев пен оның бауыры Абдулахмедті сенбі, 2 қазанда кешке Мәскеудің оңтүстік-батысындағы Тропарево-Никулино ауданында атып кеткен. Шабуылдаушылар оларға кемінде он рет оқ атып, қашып үлгерген. Полиция дер кезінде олардың ізіне түсе алмады. "Екі және одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін күдіктілердің қаладан шығып кетуі мүмкін екені де айтылған.

ТАСС-тың жазуынша, Ибрагим Эльжаркиев Мәскеуге қызмет бабымен емес, жеке шаруаларымен келген. Ал Mash телеграм арнасы оның бір қылмыстық іс бойынша негізгі куәгерді сотқа жеткізгенін жазды.

Өткен жылы шілде айында экстремизммен күрес басқармасының бұрынғы бірнеше қызметкері "қызметтік өкілетін асыра пайдалану", "бопсалау" баптары бойынша түрлі мерзімге сотталған. Олардың бірі сотта жаңа басшы Эльжаркиев жергілікті тұрғындардың біріне қару-жарақ салып жіберуді талап етті деп айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG