Accessibility links

Иран белсенділері әйел құқығын қорғаушы Азам Талаганимен қоштасты


Иранның саясаткер әйелі Азам Талегани президенттікке кандидаттарды тіркейтін ішкі істер министрлігінің штаб-пәтеріне келіп тұр. Тегеран, 14 сәуір 2017 жыл.
Иранның саясаткер әйелі Азам Талегани президенттікке кандидаттарды тіркейтін ішкі істер министрлігінің штаб-пәтеріне келіп тұр. Тегеран, 14 сәуір 2017 жыл.

Иранда белсенділер мен мәдениет қайраткерлері әйел құқығын қорғаушы, Иран президенті сайлауына бес рет ұсынылған Азам Талеганимен қоштасты. Қарашаның біріне өткен қоштасу рәсіміне Иранның белгілі қайраткерлері қатысты. Оны Тегерандағы Бехеште-Захра зиратына, туыстарының жанына жерледі.

Азам Талегани 77 жасында, 30 қазанда Тегеран ауруханасында қайтыс болған. Бауыры Мохаммедреза Талеганидің сөзінше, ауруханаға мидың белгісіз дертімен түскен.

Шариғат заңдарының қатаң тәпсірлеріне қарсылық білдірген Талегани Ирандағы әйел құқығын белсенді қорғаушылардың бірі болды.

Ол президент сайлауына қатысып, әйел басқарып көрмеген ислам республикасында мемлекет тарапынан әйелдерді кемсіту бар екенін көрсеткісі келді. Талеганидің бұл әрекеттері президент және парламент сайлауына кандидаттарды іріктейтін, сайланбайтын орган – Сақшылар корпусының қатаң ұстанымдарына тікелей қарсылықтай көрінді. Бұрын Сақшылар корпусы Иран конституциясына сүйене отырып, әйел кандидаттардың ешбірін сайлауға жібермеген болатын.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG