Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің күйеубаласы Отабек Умаров Өзбекстан ММА федерациясының басшысы болып тағайындалды. Федерация 8 қарашада құрылды. Бұл – Умаров басқаратын екінші спорт ұйымы. Биыл наурызда ол Өзбекстан триатлон федерациясының президенті болған.
Әлеуметтік желіде Умаровтың ережесіз жекпе-жек федерациясының басшысы ретінде спортшылардың жаттығуын көргені жайлы фото-видео тарады.
Отабек Умаров наурыздан бері Өзбекстан президенті қауіпсіздігі қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарады. Умаров – Шавкат Мирзияевтің кіші қызы, елдің білім министрлігінде жұмыс істейтін Шахноз Мирзияеваның күйеуі.
Шавкат Мирзияевтің үлкен қызы Саида Мирзияева сәуірде елдің ақпарат және байланыс агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалған. Өткен аптада Өзбекстан ұлттық агенттігі (UzA) Саида Мирзияевтің туған күнін елеулі оқиға ретінде көрсетті. Саида Мирзияеваның күйеуі Ойбек Турсунов – президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
Оқи отырыңыз: Дуадақ аулаған ханзада мен Мирзияевтің күйеу балалары
Өзбекстанды ширек ғасыр басқарған Ислам Каримов 2016 жылы өмірден өтіп, Мирзияев оның орнына президент болып сайланған. Мирзияев Каримов тұсында премьер-министр болған.
ПІКІРЛЕР