Accessibility links

Гонконгтегі наразылықтан соң жүзден астам қазақстандық студент елге оралды


Полиция наразылардың бірін ұстап барады. 18 қараша 2019 жыл.
Полиция наразылардың бірін ұстап барады. 18 қараша 2019 жыл.

Гонконгтегі наразылықтан кейін осы елде оқып жатқан қазақстандық студенттер елге оралып жатыр. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазір қазақстандық 118 студент елге келген. Тағы 48 студент жақын күндері Қазақстанға қайтпақ.

Министрліктің мәлімдеуінше, Гонконгтен Қазақстанға оралған студенттер 2020 жылдың қаңтарына дейін оқуын тоқтатқан, кейбірі қашықтықтан оқу формасына көшкен. Қазақстандық студенттерді елге қайтару, оларды аэропортқа жеткізу шараларымен Қазақстанның Гонконгтегі елшілігі мен қазақстандық студенттер қауымдастығы айналысқан.

Соңғы күндері Гонконгте билікке қарсы наразылық күшейді. Наразылар елдегі университеттерде бекініп алған.

Гонконг полициясы 18 қарашада осы қаладағы үкіметке қарсы демонстранттар бекініп алған политехника университетінен оларды ығыстырып шығаруға кірісті. Политехника университетіндегі кампусты полиция қоршап, наразыларға жас ағызатын газ бен су шашты. Бұған қоса полиция егер «тәртіпсіздікке қатысушылар» адам өміріне қауіпті қару пайдалануды доғармаса, онда қарудан оқ атуға мәжбүр болатыны туралы ескерткен. Билікке қарсылық танытып жатқан наразылардың атқан жебесі полиция қызметкерінің аяғына тиген.

Соңғы бес айдан бері жалғасып жатқан наразылық шарасында Гонконг жұрты биліктен демократияға бастар нақты қадамдар талап етеді. Шерушілер Қытайдың Гонконгтің ішкі ісіне араласқанына да наразы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG