Еуродақ Белоруссияның мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауында халықаралық стандарттар бойынша дауыс беру мүмкіндігі пайдаланылмады деп бағалады. Бұл бағаны Еуропа қызметінің сыртқы саяси жұмыстар бойынша өкілі Майя Косьянчич жариялады.
Еуродақ "Белоруссия президентінің 2020 жылғы сайлауын жаңа ереже бойынша өткізу үшін" билікті сайлау реформаларын тездетуге шақырды.
Бұған дейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының сарапшылары Белоруссиядағы парламент сайлауын халықаралық стандаттарға сай келмейді деп бағалаған. Бақылаушылар "сайлау процесінің объективтілігіне кепілдік берілмегенін", "халықтың негізгі бостандықтары, ой-пікір, таңдау еркіндігі ескерілмегенін" атап өткен.
17 қарашада Белоруссияның ұлттық парламентінің төменгі палатасы сайланды. Парламентке оппозиция өкілдері өтпеді.
ПІКІРЛЕР