Accessibility links

ТЖК: Қызылорда облысында автобус аударылып, кемінде 7 адам опат болды


Қызылорда облысында аударылған автобус. Төтенше жағдай комитеті жіберген сурет.
Қызылорда облысында аударылған автобус. Төтенше жағдай комитеті жіберген сурет.

3 желтоқсанда жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 5.30 шамасында Қызылорда облысындағы Қызылорда - Құмкөл бағытындағы жолда автобус аударылды. Көлікте 35 жолаушы отырған, апат салдарынан кемінде 7 адам мерт болып, 22 адам зардап шекті деп хабарлады төтенше жағдай комитеті. Алдын ала болжам бойынша, автобус апатына көктайғақ себеп болған.

Оқиға орнында құтқарушылар, дәрігерлер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-тармағы "("Жол-көлік ережелерін бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еуропа одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп болатын әлемдегі бес елдің қатарына енеді. Жол ережесін сақтамау және жол сапасының нашарлығы – көлік апаттарының негізгі себебі.​

Бұған дейін 21 қарашада Қызылорда қаласында екі көлік соқтығысып қалып, бірнеше адам қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG