Accessibility links

АҚШ пен тәліптер қайта келіссөз бастады


АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстанда. 28 қараша 2019 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстанда. 28 қараша 2019 жыл.

АҚШ пен "Талибан" қозғалысы 7 желтоқсанда бейбіт келіссөздерді қайта бастады. АҚШ президенті Дональд Трамп үш ай бұрын тәліптермен Ауғанстандағы соғысты тоқтату бойынша келіссөзді тоқтатқан.

"Америка дауысы" сайтының хабарлауынша, кездесу Катар астанасы Дохада өтіп жатыр.

“Келіссөздің мақсаты – Ауғанстандағы шабуылдарды тоқтатып, бейбітшілік орнату” деді дереккөз "Америка дауысына".

Келіссөзде АҚШ делегациясын Мемлекеттік департаменттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад басқарады.

Тәліптердің өкілі Twitter желісінде келіссөз жексенбі, 8 желтоқсанда да жалғасатынын айтты.

"Келіссөз бұрын тоқтап қалған жерінен қайта жалғасты. Біз келісімге қол қою мәселесін талқыладық" деді Сухаил Шахин.

Қыркүйекте Трамп тәліптермен бейбіт келіссөзді тоқтатқан. Келіссөз жүріп жатқанда Кабулда жарылыс болып, 12 адам мерт болған. Олардың арасында америкалық әскери де бар.

Қарашаның соңында Трамп күтпеген жерден Кабулға барды. Сол кезде ол "бейбітшілік үшін" "Талибанмен" келіссөз қайта басталатынын айтқан. Трамптың сөзін тәліптер де растаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG