Accessibility links

"Мәскеуге жорығын" қайта бастаған саха бақсысын полиция екінші рет ұстады


Саха бақсысы Александр Габышев.
Саха бақсысы Александр Габышев.

"Путинді Кремльден аластау үшін" Мәскеуге жорығын қайта бастаған саха бақсысы Александр Габышевті полиция ұстады. Полицейлер оның жақын серіктерінің бірі Евгений Ростокинді де ұстап, ФСБ бөлімшесіне жеткізген.

Олардың ұсталуының нақты себебі белгісіз.

Саха бақсысы Александр Габышев наурыз айында "Путинді Кремльден аластау үшін" Мәскеуге жаяу шыққан еді. Ол сол кезде "Ресей президенті қара күштен жаралған және онымен тек бақсы ғана күресе алады" деп мәлімдеген. Оны полиция Бурятия мен Иркутск облысы шекарасының маңынан 19 қыркүйекте алып кеткен.

Шаман пешком идет из Якутии в Москву «изгонять Путина»
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:04 0:00

20 қыркүйекте Якутск қаласына әкеліп, психиатриялық тексеруге жіберген. Психологиялық-психиатриялық сараптама қазан айының басында саха бақсысы Александр Габышевтің "ақыл-есі дұрыс емес" деген қорытынды шығарды.

Оның үстінен "экстремизм" бабымен қылмыстық іс қозғап, ешқайда кетпейтіні жөнінде қолхат алды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков саха бақсысының ұсталуына "Кремльдің еш қатысы жоғын" айтты.

Габышев екінші жорығын 8 желтоқсанда бастаған. "Сибирь.Реалии" сайты 10 желтоқсанда полицейлердің "тергеу амалдарын жүргізу үшін" Габышевті іздеп жатқанын хабарлады. Полиция бақсының туған әпкесінің үйіне де барған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG