Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында Ресей авиациясы бірқатар нысандарға әуеден соққы жасады. AFP агенттігінің хабарлауынша, сегіз адам қаза тапқан. Олардың бесеуі - бала.
БҰҰ дерегінше, 16 желтоқсаннан бері Идлиб провинциясында Сирияның үкімет күштері мен Ресей әскерилері белсенділігінің артуы ондаған мың адамды үйлерін тастап, қашып шығуға мәжбүрлеген. Сирияның адам құқығын қорғау жөніндегі орталығының хабарлауынша, содан бері шабуылдардан шамамен 80 бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Өткен аптаның екінші жартысынан бастап Асад әскерилері жиһадшылармен соғысып, Идлиб провинциясының оңтүстігіндегі ондаған қаланы бақылауына алған. Қолдағы бар ақпарат бойынша, қаза тапқандардың саны барған сайын көбейіп барады.
Сирияның адам құқығын қорғау жөніндегі орталығық басшысы Рами Абдель Рахманның айтуынша, Асад әскерінің стратегиялық Маарет әл-Нуман қаласына жетуіне бірнеше шақырым ғана қалған.
ПІКІРЛЕР